МИКРОКРЕДИТТЕР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
“СREDIT365 KAZAKHSTAN (КРЕДИТ 365 КАЗАХСТАН)” МҚҰ” ЖШСның МИКРОКРЕДИТТЕР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 тарау. Негізгі қағидалар
1. Осы Микрокредиттерді беру ережелері (одан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (одан әрі – ҚР АК), Қазақстан Республикасының «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен бірге “СREDIT365 KAZAKHSTAN (КРЕДИТ 365 КАЗАХСТАН)” МҚҰ” ЖШС (одан әрі – МҚҰ) «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қамтамасыз етумен немесе қамтамасыз етусіз жеке және (немесе) заңды тұлғаларға микрокредиттер беру тәртібі мен шарттарын айқындайды
2. Осы Ережелер осы тараудың 1-тармағында көрсетілген микрокредиттер беру жөніндегі операцияларды МҚҰ-ның жүргізуін регламенттеу мақсатында әзірленді.
3. Осы Ережелер төмендегі ақпараттардан тұрады:
- қарыз алушыларга қойылатын жалпы талаптар;
- микрокредит беру шарттары, микрокредитті беру;
- микрокредит беру туралы Өтініш-сауалнаманы беру тәртібі және оны қарау тәртібі;
- микрокредитті бермеу себептерінің негіздемелері;
- микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібі;
- микрокредит берудің шекті сомалары мен мерзімдері;
- берілетін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамалары;
- берілген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртібі;
- микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- ұсынылатын микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу ережелері;
- микрокредиттерді өтеу әдістері, микрокредиттер бойынша төлемдер жасау тәртібі;
- кредиттік құжаттаманы құрастыру;
- мониторинг;
- микрокредиттеудің қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу тәртібі, мерзімі өткен берешекпен жасалатын жұмыс;
- микрокредит беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі;
- микрокредит беру туралы шартты жабу тәртібі;
- микрокредиттеуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
- дербес деректер;
- микрокредит беру құпиясы.
4. Осы Ережелер ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық құпия тақырыбы бола алмайды. Бекітілген Ережелер көшірмесі МҚҰның сайттарында, үй-жайларында МҚҰ қарыз алушыларының (өтініш берушілерінің) көруі және таныуы үшін қолжетімді жерге орналастырылады.
5. Осы Ережелерде төмендегі анықтамалар қолданылады:
6. Сыйақы – негізгі қарызға қатысты пайыздық өрнектеуде болатын берілген микрокредит үшін төлем болып табылады және ол Микрокредит беру туралы шартқа, сонымен бірге МҚҰ орнатқан өтеу тәртібіне сәйкес болады;
7. сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – микрокредит бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде есептелетін, сыйақыны қамтитын микрокредитке ақы төлеу бойынша Қарыз алушының шығыстарын ескере отырып, есептелетін микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
8. Микрокредит беру туралы шарт (одан әрі – Шарт) – осы Қағидаларға сәйкес ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында соңғысына микрокредит беру үшін МҚҰ мен өтініш беруші арасында жасалатын жазбаша келісім;
9. Заң – Қазақстан Республикасының «Микроқаржылық ұйымдар туралы» Заңы;
10. Қарыз алушы – МҚҰ -мен Шарт жасасқан жеке тұлға;
11. Өтініш беруші – микрокредитті беру бойынша МҚҰ-ға Өтініш ны жазған жеке тұлға;
12. Сайт – МҚҰ интернет-парақшасы https://credit365.kz;
13. Жеке Кабинет – микрокредит беру және қайтаруга байланысты барлық сүрақтарды қамтитын, МҚҰ сайтында тіркелген, МҚҰ мен Өтініш беруші/Қарыз алушы арасындағы әрекетті жүзеге асыратын электрондық механизм.
14. Кредиттік тарихы – кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жинағы;
15. Кредиттік бюро – кредиттік тарихты қүратын, кредиттік тарихын ұсынатын және басқа да қызметтерді көрсететін ұйым;
16. кредиттік құжаттама – әрбір Қарыз алушыға қатысты МҚҰ жасайтын құжаттар мен деректер;
17. кредиттік скоринг – сандық статистикалық әдістерге негізделген Өтініш берушінің/Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (кредиттік тәуекел ) бағалау жүйесі;
18. кредит төлеу қабілеттілігі – Қарыз алушының кешенді құқықтық және қаржылық сипаттамасы болып табылады, ол сандық және сапалық көрсеткіштермен ұсынылған, сонымен бірге Шартта қарастырылған кредит берушінің алдында өзінің берешегі бойынша болашақта толық, уақытымен есептесу жагдайын бағалау, сондай-ақ Қарыз алушыға кредит беру кезінде болатын тәуекел деңгейін анықтау мүмкіндігін береді;
19. аннуитетті төлем әдістері – бұл микрокредит төлеу әдісінде микрокредиттің барлық мерзімі бойында берешекті өтеуді түрлі төлемдерді жасау арқылы жүзеге асырылып және ол негізгі берешек бойынша төлемдер мәнінің артуын, сонымен бірге негізгі берешек қалдығы кезеңінде есептелінген сыйақы төлемінің мәнін азайтуды қосады;
20. Сараланған төлем әдістері – бұл микрокредитті төлеу әдісінде берешекті өтеу төлемдердің азаюымен жүзеге асырылатын және негізгі берешек бойынша бірдей төлем сомалары мен негізгі берешек қалдыгы кезеңіне есептелген сыйақысын ескере отырып жасалады;
21. Микрокредит – МҚҰ-ның Қарыз алушыға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында, Офертамен, Шартпен, Қазақстан Республикасының Заңнамасында және МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарында анықталған тәртібі мен көлемінде, төлемдік, жеделдік және қайтарымдық шарттарында беретін ақша болып табылады;
22. Микрокредит беру – микрокредит беруді реттейтін және кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, сонымен бірге жеке тұлғалардың қарыз алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын үдеріс болып табылады;
23. мониторинг – белек микрокредиттің/ микрокредит портфелінің жагдайын кезеңдік бақылау, қабылданған тәуекелдерге талдау мен болжам жасау;
24. МҚҰ – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркеумен және лицензияның болуымен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
25. «МК«Азаматтарға арналган үкімет» КЕАҚ – бұл «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
26. Өтініш берушінің міндеттері – кредит беруді жүзеге асыратын МҚҰ және басқа да ұйымдар (олар бар болғанда) алдында болатын Өтініш берушінің ай сайынғы шығыстары және болжалды микрокредит бойынша болатын шығыстар (микрокредит бойынша төлем);
27. Өтініш- сауалнама – осы Ережелерде қарастырылған шарттарға сәйкес Шарт жасасу туралы МҚҰ белгілеген түрде дайындалған Өтініш берушінің ұсынысы немесе микрокредит мерзімін жайындағы ұсыныс;
28. негізгі берешек – Шартқа сәйкес Қарыз алушыға ұсынылатын микрокредит сомасы;
29. төлем жасау қабілеттілігі – Өтініш берушінің өзінің міндеттерін МҚҰ алдында мерзімінде және толық түрде орындау мүмкіндігін беретін экономикалық жағдайы;
30. ресми табыс – бір және (немесе) бірнеше келесі құжаттардың негізінде есептелген орташа айлық табыс:
31. бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан міндетті зейнетақы жарналары, салымшының (алушының) міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша ақпарат немесе орталық атқару органдарының деректер қорларынан немесе оларға меншікті немесе ведомствоға қарасты Заңды тұлғалардан жеке тұлғалардың табыстары туралы ақпарат бөлігіндегі ақпарат;
32. оған зейнетақы төлемдері келін түсетін банктік шоттан көшірмелер;
33. оған жалақы және берушіден басқа табыстар келіп түсетін банктік шоттан көшірмелер;
34. оған зейнетақылық аннуитет шарты бойынша, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 7 ақпаны күнгі «Ол еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындаған уақытта жұмысшыны бақытсыз оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңы талаптарымен сәйкес жасалган аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері түсетін банктік шоттан көшірмелер;
35. Келесі салықтық аударымдар негізінде есептелген жеке тұлға – жеке кәсіпкердің табыстары туралы ақпарат:
- патент негізіндегі арнайы салықтық режим қолданылған уақытта салық салынатын табыстан 5 (бес) пайыз;
- ықшамдалған декларация негізіндегі арнайы салықтық режим қолданылган уақытта салық салынатын табыстан 15 (он бес) пайыз;
- тіркелген есепке алу пайдаланылатын арнайы салықтық режимнің салық салынатын табысынан 20 (жиырма) пайыз.
36. Толық мерзімінен бұрын өтеу – Қарыз алушының МҚҰ алдындағы берешегін толық көлемде өтеуі, оның ішінде негізгі борышты, микрокредитті пайдалану кезеңі үшін есептелген сыйақыны, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу;
37. Мерзімі өтіп кеткен микрокредит – шарт бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған / өтелмеген міндеттемелері бар микрокредит;
38. МҚҰ уәкілетті тұлғасы – оған табыстаған өкілеттік аясында және МҚҰ бекітілген өкімдік және ішкі нормативтік құжаттарына сай болатын микрокредиттеу бойынша шешімдерді қабылдайтын МҚҰ қызметкері;
39. МҚҰ уәкілетті органы – оған табыстаған өкілеттік аясында және МҚҰ бекітілген өкімдік және /немесе ішкі нормативтік құжаттарына сай болатын микрокредиттеу бойынша шешімдерді қабылдайтын МҚҰ-ның органы;
40. Шот – оған Қарыз алушыға Шартпен және осы Ережелермен сәйкес Микрокредит сомасы аударылатын банктік шот (банк реквизиттері бар банктік шот нөмірі);
41. Карта – оған Қарыз берушіге Шартпен және осы Ережелермен сәйкес Микрокредит сомасы аударылатын жеке банктік шот (банктік карта нөмірі);
42. АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
43. ЖТМ – оның мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасының сәйкес қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен анықталатын минималды жалақы.
44. Күнкөріс минимумы – сәйкес қаржылық жылға Республикалық бюджет туралы заңмен инфляцияны есепке ала отырып жыл сайын анықталады.
45. БЖК – борыштық жүктеме коэффициент Өтініш берушінің / Қарыз алушының барлық өтелмеген микрокредиттер, қаржы ұйымдарындағы қарыз алушы қарыздары бойынша міндеттемелерінің шамасы ретінде анықталады, оның ішінде мерзімі өткен төлемдер және оның орташа айлық табысына қатынасы бойынша орын алган берешек бойынша орташа ай сайынгы төлем сомасы. МҚҰ Қарыз алушының кредит төлеу қабілетін бағалаудың өзіндік жүйесі негізінде қарыз алушының борыштық жүктемесін өз бетімен анықтайды.
46. Орташа ай сайынғы табыс – жалақы және (немесе) қарыз алушының сонғы алты ай ішіндегі табыстарының басқа түрлері сомасының алтыға бөлінген қатынасы ретінде есептеледі. Адрестік әлеуметтік көмек алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми табыстары негізінде ғана анықталады.
2 тарау. Микрокредиттеуге қойылатын жалпы талаптары
§ 1 Қарыз алушыларға қойылатын жалпы талаптар
47. МҚҰ Қарыз алушылары мыналар болуы мүмкін:
Жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері:
- Өтініш-сауалнаманы рәсімдеу сәтінде 18 жастан кіші емес және 75 жастан үлкен емес;
- төмендегідей өлшемшарттардың біреуі және (немесе) бірнешеуі негізінде айқындалатын
- тұрақты табыс көзі бар тұлғалар:
- қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы ресми табысы;
- қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы дебеттік карта бойынша шығыстарының орташа айлық сомасы;
- қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы дебеттік картаны толықтырудың орташа айлық сомасы;
- қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдықтардың орташа айлық сомасының аймен көрсетілген берілетін кредит мерзіміне қатынасы;
- қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;
- қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынатын орташа айлық соманы;
- қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы қатарынан соңғы 6 (алты) күнтізбелік айдағы өтелген және (немесе) өтелмеген банктік қарыздар бойынша қарыз алушының ай сайынғы төлемдері сомасының орташа мәнінің борыштық жүктеме коэффициентінің ең жоғары рұқсат берілетін мәніне қатынасы ретінде айқындалатын қарыз алушының табысы (0,5);
- жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдаудан қарыз алушының өтініш берген күнінің алдындағы 6 (алты) айдағы орташа айлық табысы (мұндай кірістер делдал компания арқылы расталған кезде);
- қарыз алушының өтініш беруі күніне лейінгі 12 (он екі) ай кезеңіндегі бірыңғай жиынтық төлемнің төленгенін растайтын құжаттың болуы. Әрбір ай үшін табыс бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының бір мөлшері деңгейінде қабылданады;
- жұмыс орнынан түсетін табыстар туралы анықтаманың және (немесе) оқу орнынан алынатын стипендияның мөлшері туралы анықтаманың негізінде есептелген қарыз алушының өтініш беру күніне дейінгі 6 (алты) айдағы орташа айлық табыс.
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген ақпаратты қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсына отырып, растайды және (немесе) микроқаржы ұйымы қарыз алушының жазбаша нысанда берген келісімі негізінде не қарыз алушының сәйкестендіру құралы арқылы сұратады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының табысын айқындау кезінде көрсетілген өлшемшарттардың біреуі ғана қолданылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыға және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгілері бар қарыз алушыға қатысты табысты бағалау 1) тармақшада көрсетілген ресми табыс негізінде айқындалады.
Ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгілері бар қарыз алушы дегеніміз соңғы 6 (алты) айда 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам жалпы сомаға ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 6 (алты) және одан да көп төлем жасаған жеке тұлға.
Қарыз алушының ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жүргізген төлемдерінің күндері мен сомалары туралы ақпарат қарыз алушының кредиттік бюродан алған кредиттік есебі негізінде айқындалады.
Жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушыға қатысты кірісті бағалау 1), 8) және 10) тармақшаларда көрсетілген кірістер негізінде айқындалады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ету қабілеттілігі шектелмеген;
- Ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгілері бар қарыз алушы үшін, оның БЖК-сы уәкілетті орган белгілеген 0,5 немесе 0,25 деген сандарға тең шекті мәннен аспайды.
§2. Микрокредит беру шарттары
48. МҚҰ микрокредиттерді мерзімділік, қайтарымдық, ақылылық шарттары негізінде береді.
Микрокредиттер бланкілік (қамтамасыз етусіз), сондай-ақ қамтамасыз етілген, оның ішінде үшінші тұлғалардың кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен қамтамасыз етіледі.қабылданатын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттар мен шектеулерді ескере отырып, МҚҰ уәкілетті органдарының ішкі нормативтік және өкімдік құжаттарында айқындалады. Мүлікті кепілге алу мүмкіндігін қарау кезінде МҚҰ МҚҰ-да бекітілген қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілге қабылданатын мүліктің тізбесін басшылыққа алады.
МҚҰ қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар төмендегідей шарттарды және талаптарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
- кепіл нысанасы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және МҚҰ-ның тиісті ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс;
- Кепіл берушінің Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес, құқық белгілейтін/ құқық куәландыратын құжаттармен расталған кепіл нысанасына тиісті құқықтары болуы тиіс;
- азаматтық айналымнан алынған және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен пайдалануға тыйым салынған объектілер кепілге қабылданбайды;
- кепіл нысанасы үшінші тұлғалардың ауыртпалықтарынан және/немесе құқықтарынан және/немесе талаптарынан (қарыз алушылардың берешегін қайта қаржыландыру жөніндегі жобаларды және/немесе ауыртпалықтардың және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарының болуына МҚҰ жол берген жағдайларды қоспағанда) бос болуы тиіс;
- кепіл нысанасы бағаның жеткілікті тұрақтылығымен және қалыптасқан нарық конъюнктурасымен қамтамасыз етілетін өтімділікке ие болуы тиіс;
- МҚҰ кепіл туралы шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде кепіл нысанасының болуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Жылжымайтын мүлік (көп қабатты үйлердегі пәтерлерден басқа) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық тиісінше ресімделген жағдайда кепіл ретінде қабылданады.
49. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік кепілі тіркелуі тиіс.
50. МҚҰ микрокредиттерді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде береді.
51. МҚҰ ұсынатын микрокредиттер бойынша келесі шарттар анықталады (әрбір қарыз алушы үшін жеке):
1 кесте
Микрокредиттің ең төменгі сомасы | Микрокредиттің ең көп сомасы | Мерзімі | Сыйақының ең төменгі мөлшерлемесі | Сыйақының максималды мөлшерлемесі |
10 000 | 2 000 000 | 5 күннен бастап 36 айға дейін | жылдық 0,01% 3,7 ЖТСМ | 46% ЖТСМ |
52. МҚҰ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдардың мөлшерін белгілейді.
53. Микрокредитті мерзімінен бұрын толық өтеуге және ішінара өтеуге жол беріледі. “Ішінара мерзімінен бұрын өтеу “немесе” толық мерзімінен бұрын өтеу ” – МҚҰ электрондық поштасына жіберілген жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады: [email protected].
54. Қарыз алушы мерзімін өткізген жағдайда, сонымен қатар, мерзімін өткізу орын алғанға дейін МҚҰ Қарыз алушыға микрокредит мерзімін ұзарту қызметін ұсынуға құқылы. Ұзарту кезеңінде айыппұл санкциялары және өсімпұл есептелмейді. Төлем күні ұзарту кезеңіне сәйкес мерзімге жылжытылады.
55. Ұзарту Қарыз алушы ҰКС*СКМ формуласы бойынша есептелген сыйақыны төлегеннен кейін, Тараптардың Шартқа қосымша келісімге қол қою жолымен жүзеге асырылады.
Мұндағы:
ҰКС – ұзарту күндерінің саны
СКМ – Шарттың ағымдағы шарттарына сәйкес сыйақының күндізгі мөлшерлемесі. Қарыз алушы осы қызметті белгілі мәрте пайдалана алады. Ұзарту опңиясының қолжетімділігі МҚҰ автоматтандырылған скорингтік жүйесімен анықталады
3 тарау. Микрокредит ұсыну ережелері
§1. Микрокредит беру кезеңдері
56. МҚҰ -да микрокредитті беру келесі кезекте орындалады:
- Өтініш берушінің осы Ережелермен танысуы;
- Микрокредит беру үшін Өтініш берушінің Өтініш ресімдеуі;
- Өтініш берушінің Өтініш-сауалнаманы қарастыруға қажетті құжаттар тізімін ұсынуы;
- Өтініш берушінің төлем жасау қабілеттілігін бағалау, сонымен бірге келесі тәуекелдерді бағалау: кредиттік, зандық, қауіпсіздік;
- МҚҰ өкілетті органымен/ немесе өкілетті тұлғасымен микрокредит беру туралы ұсынысты беру/ұсыныс бермеу шешімдерін қабылдау;
- Шарт жасасу (өтеу кестесі бар қосымшасы қоса берілген), сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалары және МҚҰ ішкі нормативтік құжаттардың талаптарымен сәйкес қажетті құжаттар;
- Микрокредит беру.
§2. Микрокредитті ұсыну туралы Өтінішті тапсыру тәртібі және оны қарау тәртібі. Шарт жасасу.
57. Микрокредит беру туралы шарт жасасу, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен клиент арасында электрондық тәсілмен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары және (немесе) клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін және клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
58. Өтініш-сауалнаманы Қарыз алушы МҚҰ анықтаған, МҚҰ сайтында орналастырылған формада құрастырылады.
59. Шарттың сомасы және әрекет ету мерзімін Өтініш беруші өз бетінше көрсетеді.
60.Өтініш беруші Микрокредит алу мақсатында төмендегі әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:
- Сайтқа тіркелу;
- Сайтта орналасқан Өтініш-сауалнаманы толтыру;
- өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, және (немесе) жеке куәлік деректерін енгізу;
- МҚҰ сұрауы бойынша, МҚҰ анықтаган тәсілдермен ұйымға / ұйымнан Өтініш беруші бойынша ақпарат ұсынуға-алуға Рүқсатты ұсыну (кредиттік бюро, «Азаматтарға арналған үкімет» ЭҮ» КЕАҚ, «Еңбек ресурстарын дамыту орталыгы» АҚ);
- Қажет болған уақытта МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарының және ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес басқа қосымша құжаттар ұсыну;
- МҚҰ-ға төмендегі ақпаратты ұсыну:
- тегін, атын, әкесінің атын; жынысын; туған жері мен күнін; ЖСН; тұратын мекенжайын және ол қандай негізде (жалдау немесе түрғылықты үйдің Өтініш берушінің өз меншігінде болуы); отбасылық жағдай, балаларының саны, білімінің дәрежесі; жұмыста болу жайындағы ақпарат; ай сайынғы табыс көлемі; жалақыны берудің келесі уақыты; тұратын аймағы; нақты тұратын жері; тіркелу мекенжайы; қазіргі тұратын мекенжайында тұру уақыты; телефон нөмірі; үй телефон нөмірі (бар болған кезде) / байланыс тұлғасының үй телефон нөмірі; жұмыс телефон нөмірі (бар болған кезде); электрондық поштасы.
61. Өтініш-сауалнаманы толтырған уақытта Өтініш беруші қажетті жолдарды толтыра отырып, Микрокредит алу тәртібін өз бетімен таңдайды (банк атауы мен банктегі есеп шот номері не Карта деректемелері).
62. Өтініш беруші толтырылған байланыс деректерді растауды МҚҰ Сайтындагы Жеке кабинетінде арнайы кодты белсендіру арқылы жасау керек, ал бұл код МҚҰ Өтініш берушісіне оның Сайтта Өтініш-сауалнаманы толтыру (тіркелу) кезінде көрсеткен мобильді телефон номеріне бағытталады.
63. Егер Өтініш беруші осы Ережелерде көрсетілген шарттарға сәйкес болатын Микрокредит алуға келісім жасаса, МҚҰ Сайтындағы Жеке кабинет механизімін қолданып, МҚҰ-ға Өтініш-сауалнаманы жіберу арқылы өзінің Шартқа қол қою келісімін растауы тиіс.
64. Кредиттік Скоринг көмегімен алынған деректердің негізінде Өтініш берушінің төлем жасау қабілеттілігі бағаланып, мүмкін болатын микрокредит сомасы есептеледі. Кейбір жағдайларда Кредиттік Скорингтен кейін шешім қабылдау үшін уәкілетті орган да қосылады.
65. МҚҰ алған Өтініш-сауалнаманы Қарыз алушы қайтара алмайды. Оның ішінде, егер Қарыз алушы МҚҰ Микрокредит сомасын аударғаннан кейін Микрокредиттен бас тартса, Қарыз алушы МҚҰ Микрокредитті ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Микрокредит сомасын МҚҰ-ның банктік шотына қайтаруды жүзеге асыруға міндетті. Өйтпеген жағдайда, Қарыз алушыға Шартпен қарастырылған барлық міндеттемелер жүктеледі.
66. МҚҰ Микрокредит сомасы Қарыз алушыға аударылған сәтке дейін осы Ережелермен қарастырылған қызметтерді ұсынуға және міндеттемелерді жүктеуге міндетті емес.
67. МҚҰ Өтініш берушіге Микрокредитті беру немесе Микрокредитті ұсынудан бас тарту туралы қабылдаған шешім туралы кез-келген қолжетімді тәсілмен, оның ішінде Өтініш беруші Өтініште көрсеткен электронды пошта және / немесе sms-хабарлама арқылы хабарлайды.
68. Микрокредит беру туралы шартқа микрокредитті өтеу кестесі қосылады, ол Шартта көрсетілген микрокредитті өтеу әдісі, негізгі борышты өтеу және сыйақыны төлеудің анықталған кезеңділігі негізінде.
69. Барлық қажетті құжаттарға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен клиент арасында электрондық тәсілмен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары және (немесе) клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін және клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
70. Шартқа қатысты барлық толықтырулар мен өзгерістер сәйкесінше қосымша келісімдермен жасалып, олар Шартты жасасу тәртібіне сай жасалады.
71. Берілген мирокредит бойынша ақпарат кредиттік бюроға беріледі, оның ішінде мемлекеттің де қатысуымен, Қазақстан Республикасының кредиттік бюро мен кредиттік тарихтарды құрастыру туралы Заңнамамен анықталған шарттар негізінде.
§3. Микрокредитті бермеу себептерінің негіздемелері
72. МҚҰ Өтініш беруші Өтініште көрсеткен мөлшердегі және шарттар негізіндегі Микрокредитті беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді МҚҰ Өтініш берушіден Өтініш- сауалнаманы алған күннен бастап 48 сағаттан кешіктірмей қабылдайды.
73. Микрокредитті қайтармаудың тиімді тәуекелі бар Өтініштер мақұлданады.
74. МҚҰ Өтініш берушіге Микрокредитті келесі жағдайларда бермеуге құқылы:
- МҚҰ-да берілген Микрокредит мерзімінде қайтарылмайды деп болжау негіздерінің болуы, себебі Өтініш беруші ұсынған ақпарат / МҚҰ-ға белгілі болған ақпарат Өтініш берушінің ықтимал төлеу қабілетсіздігін және / немесе алақолдығын куәландырады;
- Өтініш беруші туралы деректердің осы Ережелермен анықталған Микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеуі;
- Өтініш беруші ұсынған ақпарат жалған немесе толық емес болып табылады;
- Өтініш берушіде бұрын ұсынылған Микрокредит бойынша МҚҰ алдында өтелмеген берешегінің болуы ( соның ішінде Өтініш беруші қайта Микрокредит алуға келген сәтте өтеу мерзімі келмеген Микрокредит бойынша берешек болса);
- қажетті кужаттар усынылмаған:
- Өтініш берушінің кредиттік тарихында, оның үшінші тулғалар алдында өзінің міндеттерін дұрыс орындамауы туралы ақпарат бар;
- Егер осы Ережелер көрсетілген бір немесе бірнеше критерийлер негізінде анықталатын табыс мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен сәйкес қаржылық жылға анықталатын күнкөріс минимумы мөлшерінен және (немесе) отбасының әрбір кәмелеттік жасқа толмаған мүшесіне күнкөріс минимумы сомасының жартысынан аз болса, сонымен қатар, Өтініш берушінің БЖК мәні 0,5 мәнінен асады.
- өтініш берушіде банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік тоқсан күннен асатын микрокредиттің болуы.
- өтініш берушіде алу тәртібі және келісім қажет болатын микрокредиттің ең аз мөлшері болатын жұбайының (зайыбының) келісімі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
- өтініш берушіде оның кредиттік есебінде микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені туралы ақпараттың болуы.
75. Қарыз алушы табысының мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
ҚК ≥ ЕТКДШ + 0,5 * ЕТКДШ * Сктом,
мұндағы:
ҚК – қарыз алушының кірісі;
ЕТКДШ – “Республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы”;
СКТОМ – отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің саны.
76. БЖК мөлшері келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы:
БЖК – борыштық жүктеме коэффициенті;
ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;
Мтi – қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;
БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;
n – қарыз алушының өтелмеген микрокредиттерінің, банктік қарыздарының саны;
К – қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісі.
76-1. Микроқаржы ұйымы қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді (туралы)шешім қабылданғанға дейін жүзеге асырады:
- қарыз алушыға ашық кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігі) беруді қоспағанда, Қарыз алушыға микрокредит беру;
- қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимит белгілеу);
- микрокредит беру туралы жасалған (жасалған) шарт (шарттар) шеңберінде қарыз алушыға қосымша микрокредит беру;
- микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдердің мерзімін және (немесе) мөлшерін ұлғайтуға әкеп соғатын қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) микрокредитінің талаптары өзгерген жағдайда.
Қағидалардың 76-1-тармақшасының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттерге қолданылады.
76-2. өтініш берушіде банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік тоқсан күннен асатын микрокредиттің болуы.
76-3. Өтініш берушіде алу тәртібі және келісім қажет болатын микрокредиттің ең аз мөлшері болатын жұбайының (зайыбының) келісімі болмаған жағдайда.
76-4. Өтініш берушіде оның кредиттік есебінде микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені туралы ақпараттың болуы.
§4. Берілетін микрокредиттер бойынша тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін есептеу ережелері
77. МҚҰ тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін есептеуді жүргізеді:
- Шартты жасасу күніне;
- Қарыз алушының ауызша сұрауы бойынша;
- Шартта осы Шартқа қосымша келісім жасау арқылы өзгерістер мен толықтырулар жасалған жағдайда, олар Қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруін туғызады;
78. Шарт жағдайлары өзгеріп және ол өз алдына Қарыз алушының міндеттеме сомасының және /немесе оларды төлеу мерзімінің өзгерістеріне әкелсе, МҚҰ жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме мәнінің дәл анықталған есептемесі берешек қалдығы бойынша, қалған мерзімнің шарт өзгеретін мерзіміне қатысымен шығарылады, сонымен бірге Шарттың бастапқы әрекет күнінен Қарыз алушының төлеген төлемдері есепке алынбайды.
79. МҚҰ берілетін микрокредит бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін келесі формуламен есептейді:

мұнда:
n – қарыз алушыға соңғы төлемнің реттік нөмірі;
j – қарыз алушыға төлемнің реттік нөмірі;
Sj – қарыз алушыға j-ші төлем сомасы;
APR – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
tj – микрокредит берілген күннен бастап қарыз алушыға j-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);
m – қарыз алушының соңғы төлемінің реттік нөмірі;
і – қарыз алушы төлемінің реттік нөмірі;
Pi – қарыз алушының і-ші төлемінің сомасы;
ti – микрокредит берілген күннен бастап қарыз алушының і-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).
80. сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі есептелгенде мыналар ескеріледі:
- Негізгі борыш қалдығына есептелетін, микрокредитті өтеудің бүкіл мерзімі үшін микрокредит бойынша сыйақы;
- Мирокредит бойынша төлемдердің әртүрлі кезенділігін қолдану мүмкіндігі;
81. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеген уақытта тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) ескерілмейді, оның ішінде Қарыз алушы Шарт талаптарын сақтамауы үшін;
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), оның ішінде Қарыз алушының Шарт талаптарын сақтамағаны үшін ескерілмейді;
Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 қаулысы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 тамызда № 34960 болып тіркелді қаулысымен айқындалған шекті мөлшерден – 46 (қырық алты) пайыздан аспауы тиіс.
Берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу «Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
§5. Микрокредитті беру
82. Егер МҚҰ Өтініш берушіге Микрокредитті беру туралы оң шешім шығарса, МҚҰ Өтініш берушіге оның есеп шотына/ картасына, Өтініште да көрсетілген Микрокредит сомасын бір мезгілдік аудару түрінде Қарыз алушыға Микрокредит ұсынады.
83. Ақшаны аударуды МҚҰ Микрокредитті беру туралы шешімді қабылдағаннан кейін 3 (үш) күннен кеш емес мерзімде жүзеге асыруы қажет.
84. Өтініш берушіге ақшаны ұсыну уақыты ретінде Өтініш берушінің Шотына Микрокредит сомасын аудару мезеті болып есептеледі.
85. Микрокредит сомасын аудару Шарттың жасалған күні болып табылады.
86. Шарт бойынша қатынастар шегінде орындалатын барлық төлемдер тек қана қолма-қол ақшасыз формада орындалады. Өтеу тәсілдері МҚҰ сайтында көрсетіледі.
§6. Кредиттік құжаттаманы құру
87. Әрбір берілген микрокредитті МҚҰ уәкілетті тұлғасы қарыз алушылар журналында тіркейді және ол журнал электронды немесе қағаз тасымалдағыштарында болады.
88. МҚҰ бөлімшелерінің жұмысын оңтайландыру үшін кредиттік құжаттама қағаз тасымалдағышта және (немесе) электронды түрде құрастырыла алады.
89. Кредиттік құжаттама келесі құжаттардан түрады:
- микрокредитті пайдалану мақсаты туралы, оның құнын көрсете отырып, өтініш беруші микрокредитті өтеу және сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынатын мүлік туралы немесе қамтамасыз етудің жоқтығы туралы мәліметтері бар өтініш (мақсаттық микрокредит ұсынылған жағдайда);
- өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжат/жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
- өтініш беруші өкілінің Шартқа қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттар (өтініш беруші өкілі үшін);
- қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеу үшін қажетті құжаттар және ақпарат;
- микрокредит ұсыну туралы шарт;
- шартқа қосымша келісімдер;
- тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
- жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін есептеу (бар болса);
- кепілдік немесе кепілгерлік шарты, кепілгердің атынан кепілдік шартына немесе кепілгердің атынан кепілгерлік шартына қол қоюға өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар (ол бойынша міндеттеменің орындалуы кепілдікпен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілген микрокредит жағдайында);
- МҚҰ мен қарыз алушы арасындағы хат алмасу;
- шарт бойынша берешектің толық немесе ішінара өтелгенін растайтын, микрокредитті өтеу көзін көрсететін құжаттар (немесе олардың көшірмелері) (қарыз алушы аударған не кепілге салынған мүлікті сатудан түскен ақша);
- кредиттік тарих субъектісінен ол туралы ақпаратты кредит бюросына ұсынуға келісімі алынғандығын растайтын ақпарат;
- кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге кредит тарихы субъектісінің келісімі алынғандыгын растайтын ақпарат;
- нысаналы микрокредит алынған жағдайларда микрокредиттің нысаналы мақсатын растайтын құжаттар.
4 тарау. Мониторинг. Шарт талаптарының орындалуын қадағалау
90. Микрокредиттеу тәуекелдерін анықтап азайту мақсатында оперативті шешімдер қабылданып және қажетті шаралар ұйымдастырылу жолымен мүмкін шығындарды болдырмау әрекеттері жасалынады және микрокредитті ұсыну уақытынан бастап Қарыз алушының өзінің Шарт аясындағы міндеттерін толық орындау мезетіне дейін МҚҰ өзіне Шарт жағдайларын орындалуын бақылауды қосатын тұрақты түрде қадағалауды жүргізіп отырады.
91. Микрокредитке мониторинг жасауға МҚҰ-ның уәкілетті тұлғасының төмендегі әрекеттері кіреді:
- Қарыз алушымен байланыста болу;
- Қарыз алушыдағы пайда болған дұрыс емес есептеулер, қателер және мәселелерді анықтау; мәселерді шешу жолдарын іздеу;
- микрокредиттің мақсаттық тағайындалымын растайтын құжаттарды сұрау.
92. Мерзімі өтін кеткен берешек мониторингі өзіне мерзімі өткен берешекті қайтару үшін жасалатын шаралады қосады.
5 тарау. Шартқа өзгерістер енгізу тәртібі
93. Шарт жағдайларына жасалатын өзгертулер осы Шартқа қосымша келісімдерді жасасу жолымен іске асырылып, ол Қарыз алушының міндетті түрде сұрап жатқан өзгертулері мен себептері көрсетілген еркін формадағы жазбаша хаттама негізінде болады және МҚҰ Сайтында техникалық қызметте дайындалады немесе [email protected] электрондық пошта мекенжайына жіберілген.
94. Қарыз алушы МҚҰ-ға кредит беру шарттарына өзгерту енгізу туралы сұраным жасағанда, бұл сұрақ бойынша шешімді МҚҰ уәкілетті органымен/уәкілетті тұлғасымен қабылданады және оның құзіреттілігіне МҚҰ ішкі құжаттарға сәйкес болатын көрсетілген сұрақты қарастыру кіреді.
6 тарау. Мерзімі өткен берешекпен жұмыс жасау
95. Қарыз алушы микрокредит бойынша өтеу кестесін сақтамаған жағдайда, оған микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес өтеу күнінен кейінгі бірінші күннен бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін Шартта белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есептеледі.
96. Қарыз алушыда микрокредит бойынша мерзімі өткен төлемдер болғанда МҚҰ берешекті қайтару жұмыстарын мына жолмен жасайды:
- SMS-хабарлама;
- электрондық поштаға жіберілетін хабарлама;
- ақпараттық сипаттағы телефонға хабарлау;
- Қарыз алушылармен әңгіме жүргізу;
- микрокредит бойынше берешекті соттық түрде қайтару;
- микрокредит бойынша үшінші тұлғаларға талап жасау құқықтарына көну;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілетін басқа да әдістермен.
96-1. Міндетті түрде МҚҰ мерзімі өткен күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей, Қарыз алушыға Шарт бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімі өткен мерзімнің туындағаны және хабарламада көрсетілген күндегі мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттілігі туралы; шарт бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаның ұйымға жүгіну құқығы туралы; қарыз алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама борышкерге Шартта көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жіберілсе, онда ол жеткізілді деп есептеледі:
- Шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
- Шартта көрсетілген тұрғылықты жері бойынша тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, оның ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірімен алынса;
- жеткізудің тіркелгендігін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
96-2. Қарыз алушы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде МҚҰ-ның электрондық және (немесе) пошталық мекенжайына жазбаша нысанда Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістері және оның өтінішіне себепші болатын басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы, оның ішінде төмендегілермен байланысты мәліметтер қамтылған шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті ұсыну қажет:
- сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай не шарт бойынша сыйақы мәнінің өзгеруі;
- негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
- берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігі, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгерту;
- микрокредит мерзімін өзгерту;
- мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, микрокредит бойынша тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жою;
- кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде дербес өткізуі;
- ұйымға кепілге салынған мүлікті беру жолымен шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту туралы ұсыныс жасау;
- шарт бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуді жүзеге асыру құқылы.
Осы тармақта көрсетілген өтінішті МҚҰ қарыз алушыдан алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды, МҚҰ қарау нәтижелері бойынша Қарыз алушыға МҚҰ-ның сайтында тіркелу кезінде қарыз алушы көрсеткен және осы Шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарлайды:
- шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы;
- берешекті реттеу жөніндегі өз ұсыныстары туралы;
- бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлау.
96-3. Қарыз алушы МҚҰ-ның осы Ережелердің 96-2 тармақтың 2- бөлігінде көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе Шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде ұйымды бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
97. МҚҰ мерзімі өткен Микрокредит бойынша талаптар жасау құқықтарын үшінші тұлғаларға беруді Қарыз алушының келісімінсіз жасауға құқылы.
97-1. Қарыз алушы міндеттемелерді орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Ережелердің 96-2 тармағының 1-бөлігінде көзделген өтінішпен ұйымға жүгінбеген және (немесе) Қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша берешекті реттеу жөніндегі келісімге қол жеткізбеген және Қарыз алушы берешек бойынша дәлелді қарсылықтарды ұсынбаған жағдайда, МҚҰ қарыз алушының келісімін алмастан, нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, берешекті өндіріп алуға құқылы.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек атқарушылық жазба арқылы өндіріп алынған жағдайда, ол өндіріп алушының өтініші негізінде өндіріп алушының таңдауы бойынша жасалуы мүмкін:
- тіркелген жері бойынша (борышкер-жеке тұлғаның заңды мекенжайы);
- борышкердің тұрғылықты жері бойынша (Шартты жасасу кезінде борышкер көрсеткен жеке тұлғаның нақты мекенжайы);
- өндіріп алушының және/немесе борышкердің тұрғылықты жеріне, орналасқан жеріне немесе тіркелген жеріне қарамастан.
97-2. Қарыз алушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда ұйым қабылдайтын шаралар, сондай-ақ төлем мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) шарт шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасаудың мыналарды көздейтін талаптары:
- жұмыс күні сағат 9.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде бір реттен артық емес телефонмен сөйлесу арқылы, оның ішінде ұйымның бастамасы бойынша интернет желісінде қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасау;
- әрбір өзара іс-қимыл жасау кезінде:
- ұйымның атауын;
- ұйымның орналасқан жерін;
- өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), лауазымын;
- берешектің, шартта көзделген негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомалары қалдығының құрылымдарын;
- қарыз алушының шартта, Заңда көзделген жауапкершілігі және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ шартта көзделген міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау салдары туралы хабарлау.
- Көрсетілген шаралар шеңберінде өзара іс-қимыл жасаған кезде мыналарға:
- осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көзделмеген тәсілдермен және кезеңде өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
- осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көзделген тәсілдермен және кезеңде, сондай-ақ ұйымның атауын, оның орналасқан жерін, өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), лауазымын хабарлаған кезде, мерзімі өткен берешекті реттеу және (немесе) өтеу үшін қарыз алушының орналасқан жері және (немесе) байланыс деректері белгіленген жағдайларды қоспағанда, шарт шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты емес үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасауға;
- мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыға және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға ұйым қызметкерінің шындыққа сәйкес келмейтін, анық емес тегі және (немесе) аты және (немесе) әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы мәліметтерді хабарлауға;
- мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыны және (немесе) оның өкілін және (немесе) шарт шеңберіндегі ұйыммен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және пайда болу негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;
- өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы адамның мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге шектеулер сақталады;
7 тарау. Микрокредитті өтеу, Шарттарды мерзімінен бұрын бүзу тәртібі
§1. Микрокредиттерді өтеу әдістері
98. МҚҰ өтеу кестелерін есептегенде аннуитетті төлеу әдістері, сараланған төлеу әдістерін, басқа төлеу әдістерін қолданады;
99. Шарт бойынша бірінші және екінші төлемдерінде айырмашылықтар болуы мүмкін.
100. Соңғы төлем жасау мерзімі Шартта қарастырылған микрокредитті толық өтеу мерзімінен кейін болмауы қажет.
§2. Микрокредиттер бойынша төлемдерді енгізу тәртібі
101. Қарыз алушыға өтеу кестесіне сәйкес микрокредит бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін белгілі бір күн тағайындалады. Бірінші жоспарлы төлем және келесі төлемдер күні айыппұл санкцияларын есептеусіз, микрокредитті нақты беру күніне пропорционалды жылжытыла алады. Кез-келген жағдайда, микрокредит берілген сәттен бастап және бірінші жоспарлы төлемге дейінгі мерзім 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы тиіс, кейінгі төлемдер де осындай кезеңділікпен жүзеге асырылуы тиіс.
102. Негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша төлемдерді қарыз алушы толық көлемде анықталған мерзімдерде жүзеге асырған болуы тиіс.
103. Қарыз алушы микрокредитті өтеу бойынша төлемдерді (оның ішінде ол бойынша сыйақылар, айыппұлдар, өсімпұлдар) қолма-қол ақшасыз жолмен, ақшаны МҚҰ-ның банктік шотына салу жолымен жүзеге асырады, оның ішінде Қарыз алушы шотынан МҚҰ шотына аудару, сонымен қатар, ақшаны олармен МҚҰ сәйкес шарттар жасасқан Төлем Жүйелерінің терминалдары арқылы енгізу немесе Карта арқылы төлеу жолымен.
104. Қарыз алушының ұзақ мерзімді микрокредит ұсыну туралы Шарт бойынша орындаған төлемінің сомасы, егер ол Қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, Қарыз алушы берешегін келесі кезектілікпен өтеледі:
- негізгі борыш бойынша берешек;
- сыйақы бойынша берешек;
- Шартпен анықталған мөлшердегі тұрақсыздық айып (айыппұл, өсімпұл);
- төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі сомасы;
- төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
- орындауды алу бойынша МҚҰ шығындары.
105. Қарыз алушы Шарт бойынша кез-келген соманы төлеуді (толық немесе ішінара) кешіктірген жағдайда, МҚҰ МҚҰ-ның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес сыйақы мен тұрақсыздық айыбын есептеуді тоқтатуға құқылы. Бұл ретте Қарыз алушы белгілі бір соманы төлеу бойынша міндеттемелерді (ішінара орындаган) орындаган уақытта, Қарыз алушы міндеттемелерін анықтау егер МҚҰ басқасын анықтамаса. Тоқтатуды ескерусіз, Шарт талаптарымен сәйкес орындалатын болады.
106. Төлем МҚҰ-ның банктік шотына есепке жатқызылған / аударылған күні МҚҰ ай сайынғы төлемді алған, ал Қарыз алушы міндеттемесін орындаган болып есептеледі.
§3. Ұсынылған микрокредиттер бойынша сыйақыны төлеу тәртібі
107. Сыйақыны Қарыз алушы өтеу кестесіне сәйкес төлейді.
§4. Микрокредиттер бойынша жоспарлы емес төлемдерді енгізу тәртібі
108. Кредиттік процесс аясында мыналар рүқсат етіледі:
- мерзімінен бұрын толық өтеу;
- мерзімінен бұрын ішінара өтеу.
109. Егер Қарыз алушы несилік берешекті мерзімінен бұрын толық өтеу үшін жеткілікті ақша аударса, сондай-ақ Қарыз алушыдан өтініш түскен болса, МҚҰ Шартты жабады.
110. Мерзімінен бұрын толық/ ішінара өтеуді жасау үшін жоспарлы емес төлемдер жасау мақсатында Қарыз алушы кредиттік берешек қалдығын жабу үшін мерзімінен бұрын толық/ ішінара өтеуді жасауга белгілі мерзімде және белгілі соманы аудару жайында жазбаша Өтініш ұсыну қажет.
111. Мерзімінен бұрын ішінара берешекті өтеу жағдайында келесі шаралар жасалады:
- негізгі қарыздың сомасы азаяды және өтеу кестесіне қайта есептеу жүзеге асырылады (өтеу мерзімі қысқартылады);
- егер шартта өзгеше көзделмесе, осы Ережелерге сәйкес, МҚҰ Қарыз алушымен жаңа өтеу кестесі бар Шарттың қосымша келісіміне қол қояды.
112. Егер аударылатын төлем, өтеу кестесінде көрсетілген жоспарлы төлемге қарағанда көп болса, онда жоспарлы төлемнен көп болатын төлем сомасы, келесі төлем кезеңіндегі микркредитті жабуға есептеледі (бұл кезде негізгі қарыз және сыйақы сомалары қайта есептелмейді).
113. Мерзімінен бұрын толық өтеу жасалғаннан кейін Шарттың әрекеті аяқталып, МҚҰ оның жабылуын жүзеге асырады.
§5. Шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі
114. Шарттың мерзімінен бұрын үзілуі мына жағдайларда болады: егер Қарыз алушы негізгі қарыз бойынша берешегін толық түрде, сонымен бірге микрокредит қолдану уақытындағы есептелген сыйақыны, МҚҰ тарифтерімен қарастырылған коммисияларды өтеген кезде болады;
115. Егер Шарт бойынша Қарыз алушыда артық төлеулер болса, онда МҚҰ Қарыз алушыға артық төлем сомасын Қарыз алушының жазбаша өтініші МҚҰ техникалық қызметіне мына адрес бойынша жолданғанда қайтарылу міндетті [email protected].
116. Артық төленген ақшаны қайтару ақшаны Қарыз алушының банктік шотына аудару жолымен орындалады.
8 тарау. Микрокредиттеуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
§1. МҚҰ құқықтары мен міндеттері
117. МҚҰ міндеттенеді:
- орналасқан жері өзгерген немесе атауы өзгерген жағдайда бұл туралы өкілетті органға, сонымен қатар, Мәлімдеушілерге / Қарыз алушыларға сәйкес ақпаратты екі баспасөз басылымдарында МҚҰ орналасқан жері бойынша, сонымен қатар, Өтініш берушінің / Қарыз алушының – жеке тұлғаның занды мекенжайы бойынша қазақ және орыс тілінде жариялау жолымен немесе әрбір Өтініш берушіге / Қарыз алушыға осындай өзгертулер күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жазбаша хабарлау жолымен жазбаша түрде хабарлау;
- Ұсыну қағидаларының көшірмесін микроқаржы ұйымының қарыз алушысы (өтініш беруші) көруге және танысуға қолжетімді жерде, оның ішінде микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында ол болған кезде орналастырсын;
- Өтініш берушіге / Қарыз алушыға микрокредит алуға, қызмет көрсетуге және өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда міндеттемелер орындалмаған жағдайда ықтимал салдарлар туралы толық және анық ақпарат беру;
- Шартты жасасудан бұрын Өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдістерімен танысу және тандау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын ұсыну. МҚҰ Өтініш берушіге міндетті түрде төмендегі өтеу әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын ұсыну міндетті:
- Сараланған төлем әдісі.
- аннуитетті төлем әдісі;
- «Қылмыстық жолмен алған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;
- Қарыз алушыны Шарт жағдайларында және соманың белгілі шегінде микрокредитті беру жолымен қаржыландыру;
- Қазақстан Республикасының заңына сәйкес микрокредитті беру құпиясын сақтау;
- Қазақстан Республикасының Заңымен, құрылтайлық құжаттармен және жасасқан Шарт талаптарында қарастырылатын басқа да талаптарды орындау;
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микрокредит беруден бас тартуға құқылы.
- банктік және микроқаржы активтерін сату жөніндегі электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу жолымен мынадай мүлікті өткізуге: – бұрын микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын, оған өндіріп алу нәтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне өткен кепіл мүлкі, бұл ретте бұл мүлік оның ауысқан күнінен бастап үш жыл ішінде өткізілуге тиіс; – микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына кері қайтарып алу нәтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне түскен мүлік.
- мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді микрокредит бойынша сыйақы есептемей кейінге қалдыруды ұсынсын.
118. МҚҰ құқылы:
- Қарыз алушыны кредиттік берешекті келе жатқан қажетті өтеуі туралы SMS – хабарламасымен, электронды поштаға хат жіберу арқылы, телефонға хабарлау көмегімен хабардар ету жатады және ол Қарыз алушыға берілген микрокредитге байланысты болатын шараларды орындауға да қатысты болады;
- Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредиттік тарихтарды дайындау Заңымен белгіленген тәртіп пен шарт бойынша, Қарыз алушының келісімімен, кредиттік бюро әрекетін жасауына құқық беретін лицензиясы бар кредиттік бюроға кредиттік тарихын дайындауға қажетті Қарыз алушы туралы ақпаратты ұсыну;
- Қарыз алушы келісімі болғанда кредиттік бюролардан, КЕАК «МК «Азаматтарға арналған үкімет» және басқа да мекемелерден ақпараттқа сұрау жасау/ақпаратты алу;
- Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес Қарыз алушы туралы, микрокредит мөлшерлері жайында, Қарыз алушыға қатысты Шарттың өзге талаптары, МҚҰ жүргізетін опрациялар жайлы ақпаратты, мемлекеттік органдар және ақпаратты алуға нотариалды куәландырылған сенімхаты бар Қарыз алушының өкілдеріне сұраным бойынша ұсыну. Қарыз алушының жазбаша келісімі болған уақытта микрокредитті ұсыну құпиясын үшінші тұлғаға ашу;
- Қарыз алушының келісімімен дербес ақпараттарды тексеру және өндеу;
- Қарыз алушының дербес ақпараттарын өз еркімен шешкен кезде өңдеуді тоқтатып, оларды жою;
- Кредиттік бюросына жағымсыз ақпаратты беру және 180 (жүз сексен) аса күнтізбелік берешек бойынша мерзімі өткен күндер кредиттік тарих бөлігіндегі субъекті туралы жағымсыз ақпаратты кредиттік бюродан алу;
- Қарыз алушыдан Шарт жасасумен байланысты қабылданған барлық міндеттерді орындауды талап ету;
- Микрокредит бойынша мерзімі өткен өтеулер бар кезде осы Ережелердің 6-шы тарауына сәйкес жұмыстарын атқару;
- Төмендегі жағдайда микрокредит бойынша берешекті (негізгі берешек сомасын, сыйақы сомасын, Шарт бойынша есептелінген тұрақсыздық айыбы) толық өтеуді талап ету:
- Қарыз алушының Шарт талаптарын бұзуы.
- Шартпен ұсынылган микрокредит бойынша мерзімі өткен берешектің пайда болуы, микрокредитті қолдану барысындағы сыйақы, Шарт бойынша есептелінген тұрақсыздық айыбы, және ол мерзімі 10 (он) күнтізбелік күннен аса болған жағдайда;
- МҚҰ-ның маркетингтік әрекеттерінің аясында Қарыз алушыны акциялар, жаңа ұсыныстар мен басқа да ақпараттармен хабардар етуді SMS-хабарламамен, электронды поштаға жіберілетін хаттар, телефонға хабарлау арқылы жеткізу;
- Өтініш берушіден / Қарыз алушыдан / Кепіл берушіден (ол болған уақытта) Шартты жасасу және МҚҰ-ның ішкі нормативтік актілерімен анықталған, ол бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді сұрау;
- Микрокредитті беру бойынша Өтінішті қарастыру кезеңінде микрокредитті беруден/Шарт жасасудан бас тарту;
- Осы Ережелердің 4-бөліміне сәйкес Қарыз алушының мониторингін жүргізу;
- Микрокредит бойынша мерзімі өтіп кеткен төлемдер бар болғанда, берешекті қайтару жұмыстарын жасау;
- Өтініш беруші/Қарыз алушы келісімін бергенде фототүсіруді, сонымен бірге кредит беру, верификациялау және мерзімі өткен берешекті қайтару жұмыстары кезінде үдерісті қадағалау мақсатында әңгіменің аудио және видео жазбаларын жүргізу, сондай-ақ Өтініш берушіге/Қарыз алушыға көрсетілген әрекеттер туралы ескертілуі қажет;
- Микроқаржылық әрекеттерден басқа Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңында белгіленген шектеулерді ескергенде өзге әрекеттермен айналысуға;
- Қазақстан Республикасының заңына және жасасқан Шарт талаптарына сәйкес басқа да құқықтар.
119. МҚҰ құқылы емес:
- МҚҰ микрокредиттің сомаларын мерзімінен бұрын толықтай немесе ішінара қайтарған Қарыз алушыға микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін салынған айыппұлдық санкцияларды қолдануға;
- біржақты тәртіппен сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспаганда) және (немесе) микрокредитті өтеу тәсілі мен әдісін өзгерту;
- Қарыз алушыға микрокредит сомасын МҚҰ-ға мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарган кезде, оған микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін айыппұл санкцияларын белілеу;
- Қарыз алушыдан кез-келген төлемдерді анықтау және өндіру, Микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын қоспағанда (айыппұл, өсімпұл);
- егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, және сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейінгі жұмыс күні орындалса, тұрақсыздық айыбын немесе айыппұлдық санкциялардың басқа түрлерін төлету;
- кез-келген валюталық эквивалентке байлай отырып, теңгемен берілген Микрокредит бойынша міндеттемелерді және төлемдерді индексациялау.
- “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот банкроттығы рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап Қазақстан Республикасының азаматына микрокредиттер беруге, сондай-ақ осындай адамдардан шарттар бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді бес жыл ішінде қабылдауға;
- қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағдайларын қоспағанда, Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
Осы тармақтың мақсаттары үшін қарыз алушы үшін Шарт талаптарын жақсарту деп түсініледі: - тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық жою;
- Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету жағына қарай өзгерту.
§2. Өтініш берушінің құқықтары мен міндеттері
120. Өтініш берушінің міндеттері:
- МҚҰ сұраным жасаған, микрокредитті беру туралы шешім қабылдау үшін керек болатын құжаттар мен деректерді ұсыну;
- Қазақстан Республикасының Заңына және жасасқан Шарт талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындау
121. Өтініш берушінің құқықтары:
- Микрокредит беру бойынша МҚҰ тарифтерімен, осы Ережелермен танысуға;
- Микрокредитті беру шарттары мен тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратты алу, сонымен бірге микрокредитті алумен, қызмет көрсетумен, қайтарумен байланысты барлық төлемдер туралы ақпараттарды алу.
§3. Қарыз алушының құқықтары мен міндеттері
122. Карыз алушынын міндеттері:
- Шартпен белгіленген мерзімде және тәртіпте алған Микрокредитті қайтару және ол бойынша сыйақыны төлеу;
- Заңмға сәйкес сұралатын құжаттар мен мәліметтерді беру;
- Шартпен, Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа заңнамасымен белгіленген басқа да талаптарды орындау.
123. Карыз алушынын құқықтары:
- Микрокредитті беру тәртібі туралы және талаптары туралы, оған қоса Микрокредитті алумен, қызмет көрсетумен және қайтарумен байланысты барлық төлемдер туралы толық және шын нақты ақпаратты алу;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте өзінің қүқықтарын қорғау;
- Шарт бойынша берілген Микрокредит сомасын МҚҰ мерзімінен бұрын толықтай немесе ішінара қайтару;
- Микрокредитті толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, анықтама алу туралы өтініш берген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде борыштың жоқтығы туралы анықтама алу.
- Заңнамамен және микрокредитті беру туралы шартпен көзделген өзге құқықтар.
9 тарау. Құпия
§1. Дербес деректер
124. Микрокредитті ұсыну үшін Өтініш беруші Өтініш бергенде, өзінің дербес ақпаратын МҚҰ-ның тексеруіне және өңдеуіне рүқсатын береді (МҚҰ-ның одан алган ақпарат пен құжаттар), соның ішінде бұл дербес ақпаратты жинауға, тексеруге, жүйелеуге, толықтыруға, сақтауға, анықтығын білуге (жаңартулар, өзгерулер), қолдануға, дара биліктен айыруға, оқшаулауға, жоюға келісімін береді.
125. Шарт жасасу кезінде Қарыз алушы өзінің дербес ақпаратын өндеуге рұқсат береді.
126. МҚҰ өзінің қарастыруымен және көрсетілген мерзімінен бұрын дербес ақпаратты өңдеуді тоқтатып, оларды жоюға құқылы.
127. МҚҰ мына жағдайларда дербес ақпараттарды жояды:
- Ақпартты өңдеу және жинау мақсатына жету күнімен анықталатын ақпараттарды сақтау мерзімі өткенде;
- сот шешімі өзінің заңды күшіне енгенде;
- Қазақстан Республикасының заңында белгіленген басқа да жағдайларда.
128. Егер Қарыз алушы оның дербес ақпаратын өңдеуге және жинауға келісімінен бас тартса, дербес ақпаратты өндеу және жинау тек Қарыз алушы Шарт бойынша барлық міндеттерді орындаған кезде ғана тоқтатылады.
129. Егер Қарыз алушы микрокредитті өтеу және есептелінген сыйақы күнін 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам мерзімге бұзатын болса, МҚҰ қарызды қайтаруға үшінші тұлғаларды, оның ішінде коллекторлық агентіктерді қатыстыруға және оларға барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынуға құқылы.
§2. Микрокредитті ұсыну құпиясы
130. МҚҰ Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жағдайларды ескермегенде, микрокредит беру құпиясын, Қарыз алушылардың операциялары туралы ақпаратты құпия ұстауға кепілдік береді.
131. Микрокредитті беру құпиясына Қарыз алушылар туралы ақпаратты, микрокредит мөлшерлері, басқа да Қарыз алушыға қатысты Шарт талаптары, сонымен бірге микрокредиттеу операциялары жайлы ақпараттар кіреді (осы Ережелерді ескермегенде).
132. Микрокредит беру құпиясы қарыз алушыға, үшінші тұлғаға қарыз алушының жазбаша нысанда берген келісімі негізінде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген микрокредиттер бойынша кредиттік бюро арқылы, сондай-ақ микроқаржы қызметі туралы Заңның 4, 5, 5-1 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдарға ғана ашылуы мүмкін.
133. Қарыз алушылар туралы ақпарат, микрокредиттер мөлшерлемелері, Қарыз алушыларға қатысты болатын Шарт талаптары, МҚҰ жүргізетін операциялар туралы ақпарат төмендегілерге беріледі:
- Анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олар жүргізіп жатқан істер бойынша мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сұрау салу негізінде;
- Соттарға: олар жүргізіп жатқан істер бойынша соттың ұйғарымы. Қаулысы, шешімі және үкімі негізінде;
- Әділет органдарына және сот орындаушыларына: олар жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негізінде;
- Прокурорға: оның құзіреті шегінде өзінің қарауында жатқан материал бойынша тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде;
- Салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша нұсқама негізінде;
- Қарыз алушының өкілдеріне: сенімхат негізінде, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы бойынша нотариат куәландырған сенімхат негізінде;
- Банкрот деп танылған тұлғаларға қатысты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға, банкроттықты басқарушыға Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
134. Қарыз алушы, микрокредит мөлшері туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөніндегі мәліметтер қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы Ережелердің 133 тармағында көзделген тұлғалардан басқа, жазбаша сұрау салу негізінде, сондай-ақ:
- Қарыз алушы өсиетнамада көрсеткен тұлғаларга;
- Нотариустарға: өздері жүргізіп жатқан мұрагерлік істер бойынша нотариустың мөрімен расталған, оның жазбаша сұрау салуы негізінде беріледі. Нотариустың жазбаша сұрау салуына қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуі тиіс;
- Шетелдік консулдық мекемелерге: олар жүргізіп жатқан мұрагерлік істер бойынша беріледі.
135. Микрокредитті беру бойынша құпияны ашу болып табылмайтын жағдайлар:
- МҚҰ-ның кредит бюросына жағымсыз ақпарат беруі және кредит бюроларыньщ 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен асатын мерзімі өткен берешегі бөлігінде кредит тарихының субъектісі туралы жағымсыз ақпаратты ұсынуы;
- аталмыш микрокредит бойынша көрсетілген тұлғаға талап ету құқығын шегіну кезінде, МҚҰ-ның заңды тұлғаға күдікті және сенімсіз деп жіктелген және ол бойынша жағымсыз ақпарат бар микрокредитпен байланысты ақпаратты ұсынуы.
136. Қарыз алушы МҚҰ шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, оған және/немесе үшінші тұлғаларға бұл туралы телефонограмма, автоматтандырылған телефония, SMS түріндегі хабарлама арқылы, мессенджерлер, факс арқылы немесе жұмыс орны бойынша хабарламаны қоса алғанда жазбаша хабарлама арқылы және өзге де тәсілдермен хабарлауға міндеттенетініне келіседі. Хабарлау сәтінде ол болмаған жағдайда МҚҰ онымен бірге тұратын тұлғаларды хабардар етуге құқылы. Бұл ретте, Қарыз алушы өзінің мерзімі өткен берешегі туралы хабарламаның микрокредит беру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашу болып табылмайтынын растайды және келіседі және Қарыз алушы Микрокредит беру туралы шартқа қол қою арқылы МҚҰ-ға осы тармақта көзделген әрекеттерді жасауға келісім береді.
10 тарау. Басқа баптар.
137. Осы Ережелер несиелік портфель құрылымындағы, МҚҰ қызметінің қаржылық нәтижелері өзгерістерін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерістерін, сонымен қатар, экономикалық жағдайдағы және Қазақстан Республикасының қаржылық нарықтары коньюнктурасындағы өзгерістерді ескере отырып, өзгертіледіжәне толықтырылады.
138. Осы Ережелермен қарастырылмаған басқалар Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарымен сәйкес реттеледі. 139. Барлық пошта және өзге де хат-хабарлар Қазақстан, Алматы қаласы, Алматы ауданы, Бөгенбай Батыр көшесі, 80 үй, 5 кабат, пошталық индекс 050000 мекенжайына жіберіледі.